Кептіргіштердің адам өміріне қауіпті екендігі дәлелденді

Халықаралық зерттеушілер тобы қол кептіргіштер денсаулыққа зиянды микроорганизмдерді таратады деп шешті. Бұл туралы MedicalXpress басылымының баспасөз хабарламасында жазылған.

Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл құрылғыларды ауруханалардың дәретханаларында орнатуға болмайды. Себебі, олар бактериялық жұқпалардың тууына әсер етеді.

Ғалымдар патогендердің таралуын Франция, Италия, Ұлыбританияда орналасқан ауруханаларда бақылады. Мамандар кептіргіштері немесе қағаздан жасалған сүлгілерге арналған диспансері бар бөлмелерді 12 апта бойы зерттеген. Микробты үлгілер ауадан, еденнен алынған. Сосын ғалымдар алтын түсті стафилококк, энтерекокктар, энтробактерилар мен ішек таяқшасын бағалауға алған. Олардың барлығы қарапайым аурулардан бастап өмірге қауіпті инфекцияларды тудыртады.

Кептіргіштерді пайдалану дәрілерге төтеп бере алатын көп бактериялардың таралуына алып келеді. Ғалымдардың сөзінше, бұл құрылғы нашар жуылған қолдан микробтарды ұшырып, ауа кернелерінің пайда болуына септігін тигізеді. Патогендер бүкіл бөлмеге таралады. Олар иммунитеті әлсіз адамға жұғып,  қиын емделетін инфекцияны тудырту мүмкін. Ғалымдар қағаз сүлгілерді пайдалануға кеңес береді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар