Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебектің биі ғаламторды «жарды» (видео)

Күні кеше Мейрамбек Беспаевтың келін түсіріп, «қайын ата» атанғанын жазған едік.

кенжебек

Қазақтың салты бойынша құда түсіп, қызды ұзатып алып келген Беспаевтар «беташар» рәсімін өткізіп, той тойлады. Думанды жиынға Беспаевтардың туған-туыстары, дос-жарандары түгел келген. Сыйлы қонақтардың қатарында әрине «МұзАрт» тобының мүшелері де бар.

«МұзАрт»-тың кенжесі Кенжебек Жанәбілов беташардан видео жариялады. Онда ол Төреғалидің әйгілі «Бол жанымда» хит әніне жердің шаңын шығарып билеген. Оның көңілді биіне желі оқырмандары риза болды.

«Төреғали! Осылай билеп тұрып айту керек», –  деп қалжыңдады Кенжебек желідегі жазбасында.

Желі қолданушылары: «Кенжеке, биді өлтіреді екенсіз», «Ән десе ән айтасыз, биден де құр алақан емес екенсіз ғой, Кенжеке», «Не деген әдемі би десеңізші», «Тойдың сәні екенсіз», – деп жазды.

 

Жіберіп алмаңыз: 

“МұзАрт” тобы ақтөбеліктердің көңілін аулау үшін тегін концерт берді (фото, видео)

Мақсат Базарбаев “Мұзарттан” кетуінің себебін ашып айтты

«МұзАрт» тобы көрермендеріне Қазақстанда бұрын соңды болмаған сый жасады

 

 

 

Талқылау