Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек сөйлеп үйреніп келе жатқан ұлын елге көрсетіп, қуанышын жеткізді (видео)

Әнші, Музарт тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов баласының алғашқы қадамы үшін халықтан сүйінші сұрады. Әнші сөйлеп үйреніп жүрген ұлын елге көрсетті.

“Осыдан біраз жыл бұрын ем алып жүргенде, досым үйіне қонаққа шақырып, сол жерде көріпкел сымақ үлкен кісі аңдамай сөйлеп, “сенің балаң мылқау боладығ босқа сандалма” деп менің жүрегіме ауыртпалық салып еді. Аллаға шүкір баламыз бүгінде осындай нәтиже көрсетуде! Адам емес, Алла білуші! Ешқашан еш нәрседен үміт үзбеңіздер!”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

“Папа, мен математика сабағынан бес алдым”, – дейді видеода ұлы.

Әкесі оған “жарайсың” деп қолдау білдіріп жатыр.

Әншінің өнердегі достары мен әріптестері, желі қолданушылары жақсы тілегін айтып, сабырлық тіледі.

Кенжебек Жанәбілов құлағы кеміс балаларға арнап мектеп ашқысы келетінін бұған дейін де айтқан еді. Өз ұлының есту қабілетінде ақау болғандықтан, өнер иесі кемтар балалардың ата-аналарын жақсы түсінеді. Сондықтан да оларға көмектеспек ниетте.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау