Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентауда курстастар әйелді өлтіріп сосын оны өртеп жіберген

Оңтүстік Қазақстан облысында белгісіз әйелді өлтіріп, денесін өртеп жіберген екі курстасқа сот үкімі шықты.

555

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Тергеу дерегі бойынша, наурыз айында 52 жастағы Нияз Мырзабаев Қызылордадан Кентауға өзінің курстасы Тұрсын Нұрмұхамедовпен кездесу үшін келеді. Кездесудің құрметіне олар пәтер жалдап, сол жерге Әбішеваны шақырған.

Белгісіз себептермен, екі ер адам әйелді өлтіріп, сосын оның денесін қоқыс төгетін жерге апарып өртеп жіберген.

Әйелдің жоғалғандығы туралы хабарлаған туыстары, оның денесінің бөліктерін екі айдан соң ғана тапты. Көп өтпей күдіктілер де ұсталған.

Сотта екеуі де өз кінәларын мойындамады. Соған қарамастан сот оларға қатаң үкім кесті.

Енді Нияз Мырзабаев пен Тұрсын Нұрмұхамедов 16 жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Отандық радиожүргізуші Әлия Жүсіпова өмірден өтті

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр

Талқылау