Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал «Жыл таңдауы» жүлдесін алуға жалаң аяқ шықты

Кентал мен Санда «Жыл таңдауы» музыкалық ән бәйгесінде үздік 25 орындаушының қатарына кіріп, арнайы жүлдеге ие болды. Үнемі қалжыңдағанды ұнататын әнші бұл жолы да тыңдармандарына күлкі сыйлады. Оған себеп – әншінің жүлдені жалаң аяқ ұстап түскен суреті, деп хабарлайды Stan.kz.

кенталсандаS_17

Әншінің аяқ киімсіз тұрғанын көрген тыңдармандары ақша жинасып, оған шұлық алып беретінін айтты. Өзін сүйіп тыңдайтын тыңдармандарының қалжыңына Кентал ренжімес деп ойлаймыз. Кейбір желі оқырмандары оның бұл қылығын Қайрат Нұртастың елге костюм лақтыруымен салыстырды.

«Қайрат Нұртас костюмін лақтырушы еді, сіз аяқ киіміңізді лақтырғансыз-ау шамасы», – деп пікір білдірді Мұхитқызы тегімен тіркелген желі оқырманы. Ал өзгелер:

«Кентал жалаң аяқ па?» «Мүмкін жеңіске жетсем жалаң аяқ суретке түсемін деп уәде еткен шығар», «Күйеужігіттің аяқ киімін тығып қойыпты ғой салт бойынша», «Шұлық қайда?» «Аяғың жаурап қалмады ма?» – деп пікір білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Айша үш қабатты үй сатып алды

«МұзАрт» тобының әншісі сахнаға ақ аюларды алып шықты (видео)

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Тойда ән айтқан Ибрагимовтің продюсеріне көпшілік әнші болуға кеңес берді (видео)

 

Талқылау