Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кениялық мұсылмандар христиандарды исламшылдардың шабуылы кезінде қорғап қалған

Кениялық мұсылмандар  Мандера  провинциясында  исламшылдардың шабуылдауынан автобустағы христиандарды құтқарып қалған.

pic_8269bade8b5d31d2e79c2345c4130e73

Бұл туралы BBC News басылымы хабарлайды.

Олар діни ұстаным бойынша екіге бөлінбей  терроршылардың христандарды опат етуіне кедергі болған.

«Олар бәрін бірден өлтіріңдер, немесе бәрін тыныш қойыңдар» ,- деген дейді жергілікті  әкім журналистерге берген сұхбатында. Оның сөзінше тұрғындар осы  ісі арқылы  потриоттық пен халықтың ауызбіршілігін көрсете білген.

Жолаушыға толы автобус Мандерадан елдің астанасы Найробиге қарай бет алған. Жолда  көлікті қаруланған азаматтар тоқтатқан. Жолаушыларға мұсылман және өзге дін өкілдері болып екіге бөлінуді бұйырған. Жолаушылар бағынбай қойғандықтан  қарулылар ешкімге тиіспеген. Тек екі адамды атқан. Автобус жүргізушісінің сөзінше  атылғандардың бірі оқиға болған жерден қашпақшы болған. Бірінің өлу себебі белгісіз.

Сомалиялық «Аш-Шабаб» деп аталатын  террористік топ  оқиға жайлы өздері мәлімет берген. Және өлгендердің мұсылман емес болғандарын да айтқан.

2015 жылдың  2 сәуір күні  Кениядағы жатақханалардың біріне басып кіріп, құран аяттарын білмегендердің барлығын атып тастаған еді. Осы оқиғада 147 адам опат болған еді.

2014 жылдың  22 қарашасында  осы ұйым  жолаушыға толы автобусты тоқтатып ішіндегі мұсылман еместердің барлығын қырып салған еді. Ол кезде 28 адам бірден өлтірілген. Осы жағдайдан кейін қадан 2000 тұрғын көшіп кеткен еді. Себебі, қарулы шабуылдар  кезінде мұсылмандар да зардап шеккен.

«Аль-Каидамен» байланысы бар «Аш-Шабаб» ұйымы  Сомалидің оңтүстік және орталық облыстарын бақылауда ұстайды. Онда экстремистер  халықты қару қолдана отырып шариғат заңына бағындыруды көздейтіндерін айтқан. Бұл топ  2011 жылы өз  шекарасын қорғау мақсатында әскер кіргізген Кенияға да жиі шабуылдап тұрады.

 

 

Талқылау