Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенияда бір маймыл бүкіл елді жарықсыз қалдырды

Кенияда электр энергиясын өндіруші алпауыт компания бүкіл елді жарықсыз қалдырған оқиғаға маймыл кінәлі болғанын жария етті.

Кенияда бір маймыл бүкіл елді жарықсыз қалдырды

Оқиға 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған, маймыл су электр стансасындағы трансформатордың үстіне құлап түскен.

СЭС-ын басқаратын KenGen компаниясының өкілдері ақауды жойып, одан кейін оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, баспасөз парақшасын таратты. Бағанаға өрмелеп қернеу трансформаторының ішіне құлап, электр қуатының тұйықталуына себепші маймыл елді 180 МВт-тан астам электр қуатынсыз қалдырған.
KenGen компаниясының хабарлауынша, электр стансасы жабайы жануарлар кіріп кетуінен қорғалған қоршауы бар екендігі айтылып, алайда соңғы оқиға секілді бірлі-жарымды келеңсіздікке қынжылыс білдірген. Оқиғаға кінәлі маймыл тірі қалыпты, оны Кенияның жабайы жануарларды қорғаумен айналысатын KWS ұйымының өкілдері алып кеткен.


Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет

Талқылау