Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенеттен 1 млн доллар шәкіртақы алған студент, бай адамға айналып шыға келді (фото)

Оңтүстік африкалық студент Сибонгиле Мани бір сағаттың ішінде миллионерге айналып шыға келген. Ол екі ай бойы өзі оқитын университеттің арқасында әбден шалқып өмір сүрген. Бірақ, бұл бақыты ұзаққа созылған жоқ. Ол енді келтірілген шығын орынын толтыруы тиіс.

Screen-Shot-2017-08-30-at-4.23

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Сибонгиле Мани есімді 27 жастағы қыз Уолтер Сисулу атындағы университетте есепші мамандығы бойынша білім алады. Ол ай сайын 108 АҚШ доллары көлемінде стипендия алады.

Screen-Shot-2017-08-30-at-4.08

Университеттің қаржылық ісіне жауапты Intellimali компаниясы қателесіп Манидің есепшотына 14,3 миллион ранд, яғни, 1,1 миллион доллар ақшаны аударып жібереді. Осылайша ол 1 маусым мен 13 тамыз аралығында қара құрлықтың ең бай студенті атанып шыға келген.

59a900c6ae784923b08a8b52-1-640x480

Мұның қателікпен аударылған ақша екенін студент қыз ешкімге айтпаған. Ол осылайша мол ақшаға киім, достарына сыйлық сатып алып, қымбат думанды кештер ұйымдастырған. Бірақ, оның бұл байлыққа толы өмірі ұзаққа созылмайды. Университетте сыбыс пайда болып, әлдекім оның банк чегін байқап қояды.

Ал университет мұндай өрескел қателіктің қалай орын алғанын түсінбей дал болып отыр. Қыздың есепшотында қалған ақша қайтарылған, ал жұмсалған қаражатты студент өтеп беруі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Полицейлерден қашып мұхитта жүзген жігіт акулаға тап болды (видео)

Ақшаны оңды-солды шашпайтын 12 танымал тұлға (фото)

Итті құдай көретін мяо халқы оған ерекше құрмет көрсетті

Қытайлық әйел көшеде босанып алып, әрі қарай жұмыстарымен кете барды (видео)

Талқылау