Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемтар егіздер тұратын арал табылды

Филиппиндегі Алабат аралында 100 шақты кемтар егіз жұптың тұратыны белгілі болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кемтар егіздер тұратын арал табылды

Алабатта 78 жұп гетерезиготты және 22 жұп даразиготалы егіздер бар. Аралдағы ең кіші егіздер төрт айлық сәби болса, ең үлкендері 80-нен асқан зейнеткерлер.

2015 жылы аралда 12 жұп егіз дүниеге келген. Алабат аралында сондай-ақ, он жасар сиам егіздері тұрады. Олардың әжесі де егіздің сыңары. Қыздардың басы бір-біріне жабысып туған. Ал, хирургтар егіздер отадан өліп кетуі мүмкін деп, оларды бөлуден бас тарқан.

Филиппиндік дәрігерлер мен ғалымдар мұндай кемтарлық генетикалық себептерге емес, қоршаған ортаға тән ерекшеліктеріне байланысты деп санайды. Енді олар аралдың ауыз суын мұқият зерттеп жатыр.

Қазіргі уақытта Алабаттан басқа Үндістанның шалғай ауылында да кемтар егіздер тұрады. Ол- Үндістанның оңтүстік-батысында орналасқан Коджинха ауылы, онда шамамен 350 егіз өмір сүреді. Бұл өңірдің ғалымдары да егіздердің неліктен кемтар туылып жатқанын түсіндіре алмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау