Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемі 800 мың теңге сұраған: Шымкенттік жігіт 1,5 жылдан бері қалың мал ақшасын жинай алмай жүр

22 жастағы шымкенттік студент Еркеғали 1,5 жылдан бері ақша жинауда. 4-курс студенті бос уақытында той жүргізіп, қосымша табыс табады. Ол осы жаздан қалмай үйленгісі келеді. Алайда сүйікті қызы Перизаттың ата-анасы қалың малға 800 мың теңге сұрап отыр екен.

Кемі 800 мың теңге сұраған Шымкенттік жігіт отбасын құру үшін 1,5 жылдан бері қалың мал ақшасын жинап жүр

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Еркеғали қалың мал, той және құдалық шығынын қоса есептегенде шамамен 5-6 миллион теңге көлемінде ақша қажет деп жобалап отыр. Ол 1,5 жылдың ішінде бұл сомманың тек үштен бірін ғана жинап үлгерген.
“Сүйікті қызым тұратын жақта қалың мал шамамен 800 мың теңге деп естіп жатырмын. Маған нақты сол сомманы алып кел деп ешкім айтқан жоқ, бірақ өзім солай жобалап отырмын. Қыздың өзімен сөйлестім, ата-анасымен әлі танысқан жоқпын”, – дейді ол.

Бұл орайда эфирге Еркеғалидің сүйіктісі Перизат хабарласты. Ол ата-анасының кемі 800 мың теңге қалың мал сұрап отырғанын растады. Сондай-ақ, олардың бұл қадамын қолдайтынын айтты.

“Болашақта үйленіп, отбасы болатындықтан ата-анама айттым. Оңтүстік болғаннан кейін, қалың малсыз болмайды. Кем дегенде 800 мың теңге немесе бір миллион теңге деді. Нақты ата-анам солай айтты. Маған салса, ондай көп сұрамайтын едім. Бірақ енді өсіріп, осындай дәрежеге жеткізгеннен кейін, оларға қарсы шыға алмайсың ғой.

Менің алдымда екі әпкем ұзатылды. Оларға да солай қалың мал алып келді. Мысалы, біздің артымыздан қаншама киім алып барады. Біз жақтан да той, құдалық болады”, – дейді қызылордалық Перизат.
Медицина университетінде оқитын бойжеткен қалың мал төлейтін кезде дипломға да қарайтынын ашық айтуда.

Ал ақша жинаудан шаршаған Еркеғали миллиондап қалың мал сұрап отырған болашақ қайын жұртын түсінбей дал.

“Қадыр Мырза Әлидің тамаша сөзі бар, бұрын ХХ ғасырда айтылып кеткен. “Қазақ қазақты құда бол деп қинайтын” дейді. Ал қазір ХХІ ғасырда соның баламасын жазып қойған. “Қазақ қазаққа құда болуға қорқады” дейді. Бұл жердегі мәселе – той, құдалық, шашылу, ақша… “Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды” деген бар. Ол жерде ана сүті – кәде, әке парызы – кәде. Одан әке-шешенің қарызы ақталып қалмайды, бірақ қазақтың салт-дәстүрін ұстанамыз. Ал жаңағыдай миллион деген қалың мал деген керек емес нәрсе”, – дейді ол.

Тағы оқыңыз: 

Балалар аштықтан жылай бастағанда, өмір сүргім келмейді: Маскүнем күйеуі тастап кеткен жалғызбасты ана халықтан көмек сұрады

Танымал ресейлік тележүргізуші Рамазан айында ораза ұстайтынын мәлімдеді (видео)

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Бүтіндей бір отбасының өліміне себеп болған жүргізуші миллион теңге төлеп қамаудан босап шықты

Талқылау