Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келл Брук: Головкинмен тағы да кездесуге дайынмын

Қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі 36 кездесуінде жеңіске жетті және 33-ші рет мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Кездесуге 10 балдық шкаламен баға беруді сұрағанда, Геннадий «үш немесе төрт» деп бағалады.

7-VAbwR-XRg

Бұл туралы ҚазАқпарат хабаралайды.

«Мен оған қарсы айла-тәсілдер қолдана алдым, тек соңына таяғанда тәлтіректеп қалдым. Мен оның атағынан ат үркитін чемпион екенін білемін, бірақ онымен тағы да кездесуге дайынмын», – деп мәлімдеді Келл Брук.

Брук оң жақ қабағының зақымдануы жекпе-жекке кедергі келтіргенін айтты. «Менің алдымда бірнеше Головкин елестеді», – дейді Брук. Бұдан кейін ол жанкүйерлерінен кешірім сұрады. «Көңілдеріңізді қалдырғаным өкінішті, бірақ мен (рингке) қайта ораламын!», деді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин-Брук жекпе-жегінің бейнежазбасы (видео)

Геннадий Головкин шаршы алаңға көтерілді

Геннадий Головкин Лондондағы 02 аренаға келіп жетті (видео)

Лондонда Головкин-Брук бокс кеші басталды

Талқылау