Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келісімшартқа кім қол қойды: Ақтөбедегі 52 өзбек азаматы ажал құшқан қайғылы жағдай туралы жаңа мәлімет

Ақтөбе облысында 52 өзбек азаматы ажал құшқан қайғылы жағдай туралы жаңа мәлімет белгілі болды. Тасымалдаушы компанияның басшылары бүгінгі күні штаттық тізімде кәсіпорынның қауіпсіздігі үшін жауапты маманның жоқ екенін айтты.

Келісімшартқа кім қол қойды: Ақтөбедегі 52 өзбек азаматы ажал құшқан қайғылы жағдай туралы жаңа мәлімет

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал, ол өзі шетелдіктермен жарамсыз автобусты жалға беру туралы келісімшарттың қалай және не себепті жасалғанын түсіндіре алмайды.

«Бұл көлікке лицензия алу кезінде Қалықұлов қол қойған болатын. Мен фирманың қандай да бір келісімшартына қол қойғанымды ұмытып тұрмын»,-дейді айыпталушы Нұрлыбек Телепбаев.

Естеріңізде болса, 1989 жылы шығарылған «Kassbohrer Setra» маркалы автобусында ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Ресейге жол тартқан 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді. Қазір бұл іс бойынша үш жүргізуші, сондай-ақ тасымалдаушы компанияның механигі мен басшысы сот алдында жауап беруде. Сонымен қатар, автобустың техникалық тексеруден өтпегеніне бір жыл болғаны белгілі болды.

Айта кетейік, кейіннен 52 өзбек азаматы ажал құшқан автобустың жүргізуші бұл қайғылы жағдайға жолаушылардың кінәлап шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау