Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек салмағы 6 кг сәбиін аман-есен босанғанына қуанып жүр

«Олар менің ішімнен салмағы 6 кг шақалақты алып шықты!» деп қуанып жүр флоридалық ана. Туыстары Крисси Корбиттің ішіне қарап, егіз бала туатын шығар деп күткен екен. Алайда келіншек бір қызды ғана дүниеге әкелген.

4134791A00000578-4581518-image-a-30_1496858564177

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Крисси сәбиін аман-есен босанғанына қуанып, оған қажетті киім-кешектерді алып қойған. «Дәрігер оны ішімнен алып шығып жатқан кезде, күлгендерін естідім. Олар оны бірден өлшеп көрген екен. Салмағының 6 кг екеніне мен сене алмай жүрмін», – дейді ол.

4134A45200000578-4581518-image-a-28_1496858481454

Келіншек ағымдағы жылдың 15 мамырында дүниеге төртінші баласын алып келді. Ол сәбиімен естелік суретке түсу үшін арнайы фотограф Деббаю Бенсонды жалдаған екен.

4134791E00000578-4581518-image-a-32_1496858643027

«Шыны керек, егіз бала дүниеге келетін шығар деп күттім. Дәрігерлер «Құдай сақтасын. Мына сәбидің салмағы шамамен 7 кг шығар» деп айқайлап жатты. Шақалақтың үлкендігіне қайран қалдым. Өзінің беті томпақ, сондай тәтті еді. Әйелім осы күнге дейін көптеген қиындықты басынан өткерді. Оны нағыз сарбаз дей берсеңіздер болады», – дейді келіншектің күйеуі Ларри.

4134A46300000578-4581518-image-a-33_1496858671244

4134792300000578-4581518-The_mom_of_four_gave_birth_on_May_15_a_week_earlier_than_her_bab-a-3_1496861865127

Келіншек мерзімінен бұрын босанған. Дәлірек айтсақ, бір апта бұрын босанған. Жүкті болмай тұрып Крисси асүйдегі отқа күйіп қалып, төсек тартып жатқан. Сол кезде оның денесінің 27℅-ын күйік шалған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Гималайда жүрген қар барысы тіп-тік құз басынан құлап кетті (видео)

АҚШ-та әйел бейтаныс балақайды құтқару үшін көліктің астына түсті (видео)

Ұяты бар ұры екі қолын көлікпен басып өтуді жалынып сұрады (видео)

ВВС Жетісудің сұлу табиғаты туралы ролик түсірді (видео)

Талқылау