Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек өзін өлтірген адаммен селфи жасап, ағасына жіберіп үлгерген (фото

28 жастағы Ольга Емельянова өзінің туған күнін атап өтуге дайындалып жүрген. Соңғы рет оны жұмыстағы әріптестері көрген екен. Жұмыстан кетерінде жігітпен кездесуге бара жатқанын айтқан. Алайда осыдан кейін Ольга үйіне оралмаған.

Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.

Жоғалған келіншектің оқиғасы кішігірім Салават және Башкирия қалаларын тікесін тік тұрғызды. Үйде келіншекті әжесі мен екі баласы күтіп отырған екен. Немересі келмеген соң, әжесі таңертең полицияға барған. Полиция қызметкерлері айналаны шолып шыққанымен, Ольганы таба алмайды. Көп ұзамай тәртіп сақшыларына еріктілер көмекке келеді. Араға 6 күн салып Ольга орманнан өлі күйінде табылады.

Оны өлтірген ер адам тез табылды. Себебі, Ольга онымен бірге селфи жасап, оны ағасына жіберіп үлгерген екен. Ағасы өз кезегінде 30 жастағы ортақ таныстарын бірден есіне түсірген. Ол – 30 жастағы Расим. Келіншек арты өлімге алып келетінін білмей, ағасымен смс-хат арқылы әзілдесіп отырған.

Ер адам бірден ұсталды. Ол Ольганы бұрыннан таниды екен. Мұнымен қатар, көптен бері оны ұнатып жүрген. Екеуі орманға кірген кезде жанжалдасып, ақыры ер адам келіншекті қылқындырып өлтіреді. Ольганың екі баласы жетім қалды. Қазір туыстары көмекке ақша жинап, балаларға психолог маман іздестіріп жатыр. 10 жасар Денис пен 2 жасар Кристина әлі күнге дейін аналарының өліміне сене алмай жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Алматыда құлаған ұшақ пилоттарының есімдері белгілі болды

Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды

Талқылау