Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек өзін аяусыз ұратын нашақор күйеуімен ажырасуға қорқып жүр

Назымның кіші ұлы өте зерек. Болашақта әнші болсам деп армандайды. 18 жасында тұрмысқа шыққан бойжеткеннің бірінші күйеуімен дәм-тұзы жараспаған. Дәлірек айтсақ, араларына енесі мен әпкесі түскен. Бірнеше жылдан кейін ол бір азаметпен тағы да шаңырақ көтерген. Алайда екінші жолдасы нашақор болып шығады. Енді ол, тіпті, ажырасуға қорқып жүр.

0орпа

Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

«Бұл жалғанда бір ұлға зар болып жүрген перзенттер жетерлік. Күйеуім мен үшін болмаса да, бала үшін адам болып кететін шығар деген үмітім болды» дейді кейіпкер. Назым күйеуінің есірткіге әуестігін бұрыннан байқаған. Көп уақыт бойы түзеліп кетер деген оймен жүрген. Алайда уақыт өте келе есірткі қолданбаған күндері үйде жиі жанжал шығарып, отбасының берекесін қашырған. Бәрінен Назым күйеуіне үлкен ұлына өгейлік көрсеткені ұнамаған. Уайымнан Назымның денсаулығы да нашарлап кеткен. Қазір ол үйден қашып, ұлдарымен бірге тығылып өмір сүріп жатыр.

«Күйеуім қазір Сарыөзекте көмір сатып жүр. Бірінші жолдасымнан айырылғаннан кейін толықтай жұмысқа берілдім. Өмірдің қиындығын көп көрдім. Бірінші отбасында да қиыншылықты көп көрген едім. Күйеуім екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көрдік. Бірақ қосылуымызға енем қарсы болды. Жолдасым қайтыс болған соң үйімізден кетуіме тура келді. Қайын жұртым менен ұлымның құжаттарын алып қалды. Енем бір рет келіп ұлымды киіндіріп кетті. Осыдан кейін бізбен сөйлеспей қойды. Құжаттарды әлі күнге дейін ол кісіден ала алмай жүрмін. Екінші жолдасыммен танысқан кезде нашақор екенін білдім. Алайда оның бірінші отбасы бақытты да бай өмір сүрді.

Мен біздің де жағдайымыз дәл солай болады екен деп күттім. Есірткі пайдаланатынын өзі ашып айтты. Ол кезде мән бермедім. Үйіндегі інілері мен туыстары оның есірткі қабылдайтынына үйреніп қалған екен. Есірткісі терезенің алдында тұрса да үндемейді. Бауырлары ескерту айта келе шаршаған сияқты. Қыз-жігіт болғанымызда тату едік. Маған үйленердің алдында «Сенің жесір екеніңді, бір балаңның барын білемін. Өзің секілді әйелге үйлену арқылы өз жағдайымды жеңілдеткім келеді» деді. Мен толықтай сендім. Мұндай жақсы жігітті жолықтыра алмай қаламын деп қорықтым. Себебі, бірінші жолдасымнан айырылғаныма көп уақыт өткен еді. Үйленгеннен кейін Сарыбұлақта енеммен бірге тұрдық. Арамызда көптеген кикілжің болды. Екінші әйел болған соң осындай жағдай болып жатқан шығар деп ойладым.

Бір күні ұлым қайын ағамның баласымен төбелесіп қалады. Сонда күйеуім ұлыма «Сен шаңыраққа қара. Кімнің үйінде жүргеніңді білмейді екенсің! Менің ініме тиісуші болма» деп ұрысыпты. Тағы бір күні екі бала диванға таласып төбелесіп қалады. Сол сәтте қайын ағамның баласы ұлымнан таяқ жеген. Әдетте мұндай кезде қайын ағам түсіністік танытып, еш ренжімейді. Ақыры шыдамай Сарыөзек жаққа кетіп қалдым. Күйеуім соңымыздан қалмай келіп алды. Осылай жүргенімізде бірінші күйеуімнің ағасы хабарласып, қол ұшын созатынын айтты. Ол менің екінші рет отбасын құрғанымды білмейтін.

Өгей әкенің жамандығынан құтқару үшін ұлымды Алматыға алып келдім. Өзім сол үйде тұрып жаңағы қайын ағамның баласын бақтым. Арада біраз уақыт өткен соң аяғымның ауыр екенін білдім. Ол кезде аналар үйінің бар екенін де бейхабар едім. Екінші жолдасым «Балам болса, барлық жаман әдетімнен арыламын. Намазымды оқимын» деп айтатын. Ақыры әкесіне айтып, екеуіміз бірге тұра бастадық. Басында қуанып еді, кейін бұрынғы әдетіне қайта басты. Басымнан тепкен кездері болды. Қарапайым 1500 теңгенің флешкісі үшін де таяқ жедім. Бұл жолы ажырассам, туысқандарым ренжиді. Бұдан артыққа шыдай алмаймын. Мұндай оқиға үшінші рет болып жатыр. Қазір ажырасқым келеді. Онымен бірге тұра алмаймын. Онымен ұрысқан кезде дірілдеп кетемін», – дейді Назым ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық әке 4 жылдан бері қызын бір көруге зар болып жүр

Ақтаулық әйелді 11 жерінен жарақаттаған кәріс дәрігері одан кешірім де сұрамаған

Қазақстандық әже 6-қабаттан түнгі клубтың шуылын еститінін айтып налыды

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Талқылау