Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек опасыздығы үшін ақталып әуре болмайтынын айтқан күйеуіне ренжіп жүр

Жансая Иембергенова (есімі өзгертілді) өзіне опасыздық жасап жүрген күйеуі туралы айтып берді. Жолдасы ақталып әуре болмайтынын айтқан екен.

76764491

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

Жас келіншек күйеуінің опасыздығы туралы айтып жылады. Ал күйеуі үйден кеткен жағдайда, соңынан іздеп бармайтынын айтып қорқытқан.

«Тұрмыс құрғаныма бір жылдай уақыт болды. Жуырда босанамын. Күйеуіммен жақсы көріп қосылған болатынбыз. Оны қатты сүйемін. Бірақ, өткен түні күйеуімнің телефонынан бір жазба тауып алдым. Күйеуім көлікте келе жатып бір қызбен сөйлескен екен. «Қазір қонақ үйді бір сағатқа алсақ, екі рет жақындасып үлгереміз бе? Оқуыңа қанша ақша жетпей жатыр?» дейді менің күйеуім. Әлгі қыз 10 мың теңге керек екенін айтты. Жазба наурыз айының 28-і күні жасалған екен. Мені осы күні жұмыстан алып қайтқан болатын. Кешке жақын қолында неке жүзігі болмады. Маған полицияға ұсталып, жүзікті ломбардқа өткізуге мәжбүр болғанын айтты. Жаңағы жазба мен ломбард қағазында жазылған күн бірдей.

Жүрегім әлі күнге дейін қан жылайды. Жігіттер неге бұлай жасайды екен? Үй шаруасына жақсымын. Ата-енеммен қарым-қатынасым да жаман емес. Күйеуіме неге жақпағанымды түсінбеймін. Әлгі жазбаны мойындамай қойды. Телефонды көзімше сындырып тастады. «Сенбесең кете бер! Соңынан іздеп бармаймын» деді. Біз не үшін үйлендік? Ішімдегі баланың жағдайы не болмақ?! Қазір достасып, бұл тақырыпты жаптық. Қанша ойламауға тырыссам да, түнімен жылап шығамын. Ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз қажет болып тұр», – дейді Жансая Иембергенова.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected].kz поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алғашқы неке түнінде пәктігінен айырылмаған қыз күйеуінің әрекетіне риза болған

Қазақстандық келіншек барша көңілдестерге өтініш айтты

Қайын інісімен төсектес болған келіншек баласының кімнен екенін білмей жүр

Қазақстандық келін тікелей эфирде өзін мезі еткен енесі туралы айтты

Талқылау