Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек күйеуінің жұмыстан келгенше тамақ жасап қоймайтынын айтып ренжіді

33 жастағы Айбарша ханым екі баланың анасы. Бірақ, әйел дәл қазір өзін үш баланың анасындай сезінетінін айтып жатыр. Себебі, бір жарым жылдан бері күйеуі жұмыстан шығып, әйелінің есебінде күн көріп жүр екен. Келіншек отбасын жалғыз асыраудан шаршағанын айтып жатыр.

d287c5722df065ec9d71fea4dc939a39

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Менің тұрмысқа шыққаныма 10 жылдай уақыт өтті. Ол кезде 22 жаста едім. Күйеуім екеуіміз сүйіп қосылдық. Бүгінде ортақ екі баламыз бар. Тұңғышым 11 жаста, кенжем 6 жаста. Бастапқыда күйеуім жақсы жұмыс істеп, ай сайын ақша тауып әкеліп отырды. Қыз-жігіт болып жүріп жүрген кезде де, бір-бірімізді жақсы түсінетін едік. Бірақ, отбасылық өмірдің алғашқы 3 жылында ғана бақытты болдық. Одан кейін ақырындап бар жауапкершілікті маған ысыра бастады. Барлығы баланы балабақшаға апармаудан басталды. Қазір мүлдем ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді, жұмыс та істемейді. Үйде жатқанына бір жарым жылдай уақыт өтті. Тұрақты жұмыс орны жоқ. Орналасса болды бастықпен ұрысып шығып кетеді. Осыған байланысты талай ұрыстық.

Балалар есейіп келе жатқандықтан, арадағы жанжалдарды білдірмеуге тырысамыз. Ажырасатынымды айтып та қорқытып көрдім, келіспей отыр. Себебі, оған дайын тамақты жеп жата берген ыңғайлы. Кейде мен жұмыстан кешігіп келген кезде, тамақ та дайын болмайды. Мұндайда ер адам, әйел адам деп бөлінудің қажеті жоқ шығар?! Үйде отырған соң жасай салуға болады ғой. Өзін кінәлі сезінбейді. “Өмір алма-кезек. Бүгін сен жұмыс істесең, ертең мен жұмыс істеймін” дейді. Кейде, тіпті, “Үйде азық-түлік жоқ қой” деп ашуыңа тиеді. Арасында “Мен ертең жұмысқа шығатын болдым” деп мені алдын ала өтірік қуантып қояды. Таңнан-кешке дейін не істейтінін білмеймін. Теледидар ғана көретін сияқты. Кейде телефонына бірлік сұрайды. Әрине, айтқандарын үндемей орындай бермеймін. Тамақты тек балаларым үшін әкелемін. Оларды тамақтандырып жатқан кезде, әкелерін бөлек қойып қоя алмаймын ғой.

Жылап та айттым, ұрысып та айттым. Өзімнің әлсіз екенімді көрсеттім. “Сенің көмегің керек болып тұр” деп жай сөзбен де айтып көрдім.  Өзінің әке-шешесі басқа қалада тұрады. Бұл жақта біз пәтер жалдап жүрміз. Осы бір жарым жыл ішінде күйеуіме таныстарым арқылы жұмыс іздедім. Таныстарым мені аяп, оны жұмысқа орналастырды. Алайда ол жерде де әріптестерімен келісе алмай шығып кетті. Ақыры шыдамай анасынан көмек сұрадым. Маған қаржылай көмек керек емес, тек ақылын айтса болғаны. “Ақыры екі баламды өзім асырап отырмын. Өзімді өзім асырай аламын. Онымен ажырасқым келеді” деп айттым”, – дейді Айбарша ханым.

Аталған бағдарламаның жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы мен психолог Марал Сарбасқызы келіншектің шешімімен келіспеді. Бір жарым жылдың нүкте қою үшін тым аз уақыт екенін айтып райынан қайтармақ болды.

“Менің ойымша, бұл қарым-қатынаста нүкте қоюға ерте. Оны біраз уақыт психолог маманға алып барып көрсетіңіз. Ер азаматтар да пенде болған соң, олардың да мінездерінде ерекшелік болады. Ол кісінің ішкі мені мен өзін бағалауы төмен сияқты. Оның үстіне жаңа ортаға бейімделуге қиналады екен. Мұның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Психолог маман оның өзіне деген сенімділігін қайтаруға көмектеседі. Ер азаматты қанаттандырады. Адамға бір нәрсе ұнаса, оны тежеу мүмкін емес. Тежегіштер болған күннің өзінде адам одан аттап өтеді. Күйеуіңізді маманға алып барыңыз. Міндетті түрде ол сіздің ер азаматыңыздың кілтін табады. Сол кезде ер азаматыңыз іс-әрекет жасайды”, – дейді психолог маман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр

Астаналық келіншек 8 жылдан бері алименттен қашқан күйеуін іздеп жүр

Жас келіншек қорқытып ұстап отырған күйеуінен қалай қашып кетерін білмей жүр

Келіншек қайын інісіне опасыздық жасаған абысынын жөнге сала алмай жүр

Талқылау