Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек күн көрсетпей қорлаған 16 жас үлкен күйеуі туралы айтты

Қазақстандық келіншек өзіне күн көрсетпеген күйеуі туралы айтып берді. Гүлнұр ханымның жолдасы өзінен 16 жас үлкен екен. Мұнымен қатар, ол осы уақытқа дейін 4 рет ажырасқан.

ьотр

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Туыстарымның өзімді танып қойғанын қаламаймын. Сол себепті, бетперде киюге мәжбүр болып отырмын. Жолдасым келіп алып айғай-шу шығаруы мүмкін. «Неге телевидениеге шықтың? Неге бәрін айттың?» деп кінә тағуы мүмкін. Осы уақытқа дейін балалармен үйде отырдым. Біздің бес баламыз бар. Күйеуім бастапқы екі жылда ішпеген болатын. Кейін ішімдікке салынып, мені ұра бастады. Балаларымның ең үлкені – жеті жаста. Отбасын құрғаныма 4 жыл болды. Қазір күйеуіммен бірге тұрмаймын. Оның мені ұра беретінінен шаршадым. Бастапқыда қоятын шығар деген оймен шыдап жүрдім.

Мені өзге ер-азаматтардан қатты қызғанады. Бірақ, мен қызғануға себеп берген емеспін. Жолдастарымен ойнап-күліп қана жүрдім. Тойдан үйге келген соң «Сен неге күлесің? Сен неге билейсің? Көйлек киюші болма. Тек шалбар ки» деп маған тиіседі. Әдетте жұрттың көзінше тиіспей, бар өнерін үйге келгенде шығарады. Меніңше, әйел адам қонаққа барғанда барынша боянып, сырланып баруы тиіс. Десе де, ішкі қалауыма қарамастан, оның ескертпелерін іштей қабылдап жүрдім. Жалпы күйеуім менен 16 жас үлкен. Қазір мен 29-дамын, ол 45-те. Тұрмысқа шығарда жас айырмашылығынан қорыққан жоқпын.

Ол ұрмауға уәде берген болатын. Мен оның бесінші әйелімін. Алдында не себепті ажырасуға мәжбүр болғанын сұрамадым. Сау кезінде қызғанышы туралы айтып отырады. Балалардың көзінше ұра береді. Кішкене қызым Жансая қорыққаннан дұрыстап сөйлей алмайды. Қазір күйеуім мені тауып алып, балаларды алып кете ме деп қорқып жүрмін. Осы күнге дейін балалар үшін шыдап келдім. Басым жарылған күндер де болды. Ақыры шыдамай кетіп қалдым. Ол «Кеткің келсе, кете бер! Бірақ, балаларды тастап кет» деген болатын. Қазір дағдарыс орталығында тұрып жатырмыз», – дейді Гүлнұр ханым.

«Отбасындағы негізгі мәселе – ерлер тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылық. Біз орталыққа 18-58 жас аралығындағы адамдарды қабылдай аламыз. Өз өтініштіремен немесе органдар арқылы келеді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында бізге 111 қыз-келіншек келді. Бұл жерде бала-шағаларын қосып есептеп отырмыз. Қазіргі таңда біздің орталықта Гүлнұр ханыммен психолог маман жұмыс істеп жатыр», – дейді Астана қаласы әкімдігі жанындағы дағдарыс орталығы мекемесінің қызметкері Айжан Қырғызжан.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық келін ашық-шашық киініп, сыра ішетін енесі туралы айтты

Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Талқылау