Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек көңіл білдіріп жүрген жігітін бірінші кездесуде құтқарып қалды

Американың Миссури штаты, Джоплин қаласының тұрғыны бірінші кездесу кезінде өзіне көңіл білдіріп жүрген ер адамды құтқарып қалды.

Келіншек көңіл білдіріп жүрген жігітін бірінші кездесуде құтқарып қалды

45 жастағы келіншек Джейни Холл ер адаммен ғаламтор арқылы танысқан. Олар Канзас-Сити қаласанда кездесіп, түскі ас ішеді. Осы кезде ер адам 3 рет түшкіріп, есінен танып құлап қалады.

Әйел даяшыны көмекке шақырып, екеуі бірге ер адамды орнынан тұрғызады. Оның көзі айналып, жүрегі соқпай қалады. Аузынан қан да кетеді. Холл бұрындары дәрігер болғандықтан, жасанды дем беріп, жүрегіне массаж жасайды. Жедел жәрдем келіп жеткенде ер адамның жүрек соғысы қалпына келеді.

Ер адам көп ұзамай есін жиды. Ол өмірін арашалап қалған Холлды екінші рет кездесуге шақырды, ал оның не себепті есінен танғаны белгісіз жағдайда қалды.

 

Талқылау