Келіншек күйеуінің опасыздығына мән бермеуге кеңес берген енесіне ренжіп жүр

Жұма, 8 Қыркүйек , 2017 12:44

Үш баланың анасы атанған келіншек күйеуінің опасыздығын ұмыта алар емес. Күйеуі өзінің көзінше көңілдесімен еркін сөйлесуді әдетке айналдырған. Ал келіншектің енесі ұлының бұл әрекетіне көз жұма қарауға кеңес берген. Осыған орай, келіншек ақыл-кеңес сұрап, өзіне көмек беруді өтінді.

stress-woman

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Мұнда жазамын деп ойламадым. 9 жыл болды тұрмыс құрғаныма. Бақыттымын, шүкір! Бүгінде үш бала тәрбиелеп отырмын. Ата-енеммен бірге тұрамын. Қалада да үйіміз бар! Жұмысқа жақында орналастым. Бой десе бойым, түр десе түрім бар. Көбісі “Үш бала туған әйелге ұқсамайсың” деп айтады. Тазамын. Тазалықты жақсы көремін. Бәрін істеймін. Бірақ, жолдасым жүріс жүрерін қояр емес. Қанша рет кешірдім. Түнде тағы таңға дейін бір әйел қоңырау шалумен болды. Менің жүйкем тозып бітті.

Енеме айтсам, “Ол әйел әдейі істеп отыр. Одан да оны ұмыт” дейді. Ал мен ажырасып кетуге шешім қабылдап отырмын. Шаршап кеттім. Менен не жаманшылық көреді екен. Әбден шатасып кеттім. Алла жазасын берсе екен. Өзінің есімі – Айнұр. Менде фотосы да бар. Ал фамилиясын білмедім. Білуімше, зауытта жұмыс істейді. Оған да неше түрліні айттым. Осындай әйелдерді қалай жазалауға болады екен? Өтініш, ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздаршы. Ажыраспай отыра берсем, жағдайым не болмақ? Осы әйелді танитындарыңыз болса айтыңыздаршы”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Айлап жатып алатын туыстарынан мезі болған келіншек қазақстандықтарға өтініш білдірді

16 жастағы келіншек күйеуіне ерегесіп көңілдес тауып алған

Көңілдес: Кінәсіз адамға қарғыс тие ме?

Күйеуіне 40 шақты ер адаммен опасыздық жасаған әйел бұл әдетінен арыла алмай жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар