Келіншек күйеуінің инстаграмдағы “көңілдестеріне” бола түсік тастаған

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 14:01

Айсұлу Тоқабаева (есімі өзгертілді) күйеуінен күдіктеніп жүр. Бірақ уақыт бұрын инстаграм желісіндегі қыздарға бола түсік тастап қойған екен.

105943365

Бұл туралы «Мен әйелмін» парақшасында жазылды.

Тұрмысқа шыққанына 2 жыл болған келіншек күйеуінен күдіктеніп жүр. Айтуынша, бұған себеп те жоқ емес. Ол әлеуметтік желі арқылы ажырасқан, балалы әйелдермен «бойдақпын» деп хат алмасады екен.

«Бар мәселем – күйеуім. Екеуіміздің отасқанымызға 2 жыл болды. Бір-бірімізді жақсы көреміз. Ол барлық айтқанымды орындайды. Өзі жүк көлігін айдайды. Жұмыстан келгенде телефонын жасырып жүретін. Өткенде инстаграм парақшасынан көп қыздарды көріп қалдым. Өзі «инстаграмға кірмеймін» деп айтатын. Ажырасқан, бір баласы бар қыздармен «бойдақпын» деп сөйлескен. Сол қыздарға бола түсік тастап, сәбиімнен айырылдым. Енеме айтсам, «Жай ерігіп сөйлескен болар. Оларға баруға жұмыстан қолы босамайды» деп айтады. Қазір «Бәрін қойдым деп намаз кітап оқып, намаз үйреніп жүр. Ол жұмысқа кеткен сайын тағы да сөйлесіп жүр ме екен деген ой мазалайды. Мені сыйлайды, жақсы көреді. Бірақ, неге бұлай жасайды екен деп көп ойланамын. Ешқашан ажыраспаймыз. Бар болғаны осы ойдан арылғым келеді», – дейді Айсұлу Тоқабаева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек енесіне бауыр басып кеткен 2 қызын қайтара алмай жүр

Бойжеткен ұятсыз әрекеттер жасатқан жігіті өзін бопсалайды деп қорқады

Заңгер: Құжатсыз жұмыс істеп алдансаңыз да, құқығыңызды қорғай аласыз

Сексолог: Кінәні тастап кеткен күйеулеріңізден емес, өздеріңізден іздеңіз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар