Келіншек күйеуінің демалысын бұзбау үшін сәбиінің шетінеп кеткенін 10 күн бойы жасырған

40 жастағы Дебби Кинг ішіндегі баласының жүктіліктің оныншы аптасында шетінеп кеткенін білген.

Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.

Қайғылы жаңалықты естіген кезде ол күйеуімен және екі баласымен бірге Лансаротта демалып жатқан. Демалыстың шырқын бұзбау үшін ол жақындарына іштегі сәбиінен айырылып қалғанын айтпаған. Осыдан кейін 10 күн бойы өлі сәбиін ішінде сақтап жүрген.

“Әрине, бұл шешімді жалғыз өзім қабылдаған жоқпын. Гинеколог маманмен кеңестім. Ол өлі сәбимен белгілі бір уақыт жүруге болатынын айтты. Мен өзімнің жүктілігім туралы ешкімге айтқан емеспін. Сол себепті, білдірмей жүру қиынға соқты. Бірақ, балаларымның демалысының шырқын бұзғым келмеді”, – дейді ол.

Саяхатқа шығардың алдында қансырап қатты ауырған екен. Ал ішіндегі сәбиінің шетінеп кеткенін саяхатта жүрген кезде білген. Туған қаласына келе салысымен Дебби ішін “тазартуға” барады. Бірақ, әдетте 15-20 минутқа созылатын ота, бұл жолы 4 сағатқа дейін ұзарады.

Түсік тастау кезінде Дебби жан тапсыра жаздаған. Ота кезінде дәрігерлер қанның ағуын тоқтата алмай қиналған. Нәтижесінде Дебби екі күн комада жатады. Отбасының қуанышына орай, келіншек аман қалды. Енді зәр жолын қалпына келтіру үшін дәрігерлерге біраз уақыт қаралуы керек.


Жіберіп алмаңыздар:

Мөңкіген сиыр әйел адам мен милиционерді қағып кетті (видео)

Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ

Ұлыбритания соты 11 айлық сәбиді өлтіру туралы шешім шығарды

Бразилиялық суретші көрермендердің алдында тыржалаңаш шешініп тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар