Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек күн көрсетпей, іштегі баласымен төркініне әкеліп тастаған өзбек енесін жамандады

Жас келіншек өзіне күн көрсетпей, артынша ішіндегі баласымен үйге әкеліп тастаған өзбек енесі туралы айтып берді. Ата-енесі жақтырмаса да, күйеуі бұрынғыдай араласқысы келеді екен. Бірақ, күйеуі ата-анасына ерегісіп жас қызға үйленіп алған. Енді онымен қалай ажырасарын білмей жүр.

maxresdefault

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Жасым жиырма бірде. Тұрмысқа шыққаныма 6 ай болған кезде ажырасып, үйге қайтып келдім. Оралғаныма бір ай болмады. Енем мені о бастан жақтырмады. Жүкті болып қалғандықтан, жанжалдасып жатып тұрмысқа шыққан едім. Бір күні суым кетіп, түсік тастадым. Өзбек енем күн көрсетпеді. Үйіме атам екеуі әкеліп тастады. Ал менің аяғым тағы да ауыр еді. Күйзелістің салдарынан тағы да түсік тастадым. Күйеуім жуырда 19 жастағы қызға үйленіп алды. Бірақ, екеуіміз әлі күнге дейін сөйлесіп, бір-бірімізді қатты қимай жүрміз. Әлгі қызбен жақындаспаған екен.

Тек әке-шешесіне ерегісіп үйленген. «Енді 2 айдан кейін ажырасамын. Сол кезде еркін сөйлесетін боламыз» дейді. Мен күйеуімнің ол қыздың өмірін қор қылғанын қаламағандықтан, оны ұмытқым келеді. Осындай тағдырлас жігіттер болса, күйеуімді ұмыту үшін біраз ойымды бөлісіп, дос ретінде араласайын деп едім. Адамгершілігі мол, арам ойы жоқ адам болса жақсы еді. Мен жар таңдаудан қателескен сияқтымын. Пікірге вконтакте желісіндегі аты-жөндеріңізді немесе нөмірлеріңізді жазсаңыздар, жекеге шығамын. Алла разы болсын! Түсіністік танытқандарыңыз үшін көп рахмет!» – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен: Абыройымды қорлап, қалағанын жасататын жігітімнен шаршадым

Жаңа өмір бастаған бойжеткен өзіне күн көрсетпеген әкесінің қатыгездігі туралы айтты

Жас келіншек күйеуінің бұрынғы сүйіктісінен құтыла алмай жүргенін айтып жылады

Өзгемен кеткен қызын алып қашқан жігіт махаббат үшін күресуге шақырды

Талқылау