Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек екінші күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр

Екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр. Сау кезінде жоламауға уәде берсе де, ақ су ішкен соң күйеуі әлгі әйелді іздеп кетеді екен.

kak-vedet-sebya-muzh-esli-lyubovnitsa-zaberemenela

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Ажырасқан соң екі баламмен қазіргі жолдасыма қосылдым. Жолдасымның да бірінші некесінен бір ұл, бір қызы бар. Өзі ешкіммен араласпайды, мені де араластырғысы келмейді. Адам баласына туыс пен дос керектігін түсіндіре алмай қойдым. Үйге күйеуіме ескертпестен туысқандарымызды қонаққа шақырамын. Бірақ, олар кеткен соң маған әңгіме айтады. Ішіндегі сырын бөлісетін досы да жоқ. 3-4 жыл бұрын бір әйелден әрең бөліп алған едім.

Бүгін жырын айтуға тағы да сол әйелге кеткен сияқты. Ол әйелге былтыр күйеуіме жақындама деп ұрысып тастаған едім. “Сөйлескенде тұрған не бар?” деп өзімді күйдірген болатын. Жолдасым ол әйелмен сөйлеспеуге уәде берген еді. Соңғы кезде ішіп алса, сол әйелді іздейтін болыпты. Әлгі әйелдің сөзіне қарағанда үйдегі жағдайдың барлығын соған айтатын сияқты. Күйеуімнен сұрасам, ол әйелдің жолдасы көп жыл бұрын қайтыс болып кеткен екен. Екеуін қалай ажырастырсам болады? Осы мәселені ойлап миым ашып жүр. Артық кетпей, одан құтылудың жолдарын айтып жіберіңіздерші”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алып қашудың құрбаны: Үйге кетейін десем, әке-шешемді жерге қаратамын деп қорқамын

Бойжеткен жігіттерді аузына қаратқан туған сіңілін қызғанып жүр

Келіншек достарымен неке түні туралы ашық әңгімелесетін күйеуіне ренжіп жүр

Төркініне қайтқан қыз әке-шешесінің ұзатуға алған несиесін қалай ақтарын білмей жүр

Талқылау