Келіншек азаматтық некедегі күйеуіне туған баласын мойындата алмай жүргенін айтып жылады

Сәрсенбі, 7 Маусым , 2017 13:27

Бойжеткен 20 жасында Шымкентке оқу іздеп барған. Осы кезде өзінен он бес жас үлкен азамат сөз салып, соңынан қалмай жүріп үйленген. Енді ол өзінің баласын мойындамай жүр екен. Осы орайда, жас келіншек одан қалай алимент өндіріп алуға болатынын сұрады.

mother-and-small-baby-1290405_960_720

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«2015 жылы тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін ажырасып кеттім. Ажырасуыма көп нәрсе себеп болды. Аяғым ауырлаған сәтте атам мен күйеуім баланы мойындамай қойды. «Біздікі емес» деп мені көшеде қалдырды. Күйеуім өзімнен 15 жас үлкен. Бұрын бір рет ажырасқан. Психологиялық соққы жасап туғанымша тыныштық бермей қойды. «ДНҚ» жасатамын деп қорқытты. Рұқсат бердім, бірақ, ақыры жасатпады. Шүкір, аман-есен баламды тудым. Қазір оған туған әке-шешем қарап жатыр. Перзентханадан өздері шығарып алды. Күйеуім перзентханаға бірде бір рет келмеді. Қазір, тіпті, материалдық көмек көрсетіп жатқан жоқ. АХАЖ-ға тіркелмегендіктен, күйеуім ұлына тегін бермеді.

Баланы өз атыма жаздырдым. «ДНҚ-сын тексерт» десем, «Бала өссін» деп қашып жүр. Күйеуімді сотқа берсем, алимент өндіріп ала аламын ба? Маған көрсетпеген қорлығы мен жақпаған күйелері жоқ. Тұрмысқа шыққан кезде пәк болдым. Той-құдалық ештеңе жасамады. Отбасын құрмай тұрып колледжді бітіріп, жақсы жерде жұмыс жасап жүрген болатынмын. Оқуға түсуге Шымкентке келгенімде «Өзім оқытамын, жұмысқа кіргіземін» деп кенедей жабысып алды. Маған берген уәдесінің біреуін де орындамады. Өмірімді тозаққа айналдырып жіберді. Заң қызметкерлері болса, маған жөн сілтеп жіберсеңіздер. Артық сөзбен балағаттамауларыңызды сұраймын. Өзім де қатты шаршап жүрмін», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек күн көрсетпей, іштегі баласымен төркініне әкеліп тастаған өзбек енесін жамандады

Бойжеткен: Абыройымды қорлап, қалағанын жасататын жігітімнен шаршадым

Жаңа өмір бастаған бойжеткен өзіне күн көрсетпеген әкесінің қатыгездігі туралы айтты

Жас келіншек күйеуінің бұрынғы сүйіктісінен құтыла алмай жүргенін айтып жылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар