"Келіншегім жоқ": Жігер Ауыпбаев жеке өмірінің құпиясын ашты

Жігер Ауыпбаевтың жақында жарыққа шыққан MashAlla атты әні ел арасында кеңінен тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әнші аталған туындының сазын осыдан 5 жыл бұрын өзі жазған екен. Трекке лайықты мәтінді тек жақында тапқан.

 "Келіншегім жоқ": Жігер Ауыпбаев жеке өмірінің құпиясын аштыЖігер әпкесі Гүлнұр және қарындасы Айыммен. Фото жеке мұрағаттан

Бұл туралы Stan.kz "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұрттың қызығушылығын оятқан әннің мәтінін маңғыстаулық Сәндібек есімді ақын жазған.

"Өзімнің ауылымда қарындасымды ұзатып, той болды. Сол кезде Сәндібек деген інімді алып бардым, өзі той да жүргізеді. Ауылдан келе жаттық. Сәндібек артта ұйықтап жатқан. Түн іші болатын. Бір кезде біреу маған хабарласып, өзінің жетістігін айтып, қуанып жатыр. "МашАлла, құтты болсын" дедім. Көлікті жүргізіп келе жатып, әнді қойып қалдым.

Қайырмасына келгенде "МашАлла, МашАлла" деп ілестіріп кеттім. Сәндібекті оятып алдым. Ол ұйқысын ашты, бір жерге тоқтадық. Ақынның да жағдайын жасау керек қой. Бір уақытта телефонын ашып, заметка жазды. 15 минуттан кейін сөз дайын болды. Ұнады. Қалаға кіргенше сөзін дайындап қойды. Темірді қызу кезінде бас деп, ертесіне студияға барып, дауыс жаздық", - дейді Жігер Ауыпбаев.

Сондай-ақ, өнер иесі шығармашылығынан бөлек, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл тақырыпқа келгенде "қазанды" жабулы күйінде қалдыратын әнші "келіншегім жоқ, бірден айтайын" деп жауап берді.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр