Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Келинка Сабинаны” қырғыз телеарнасы заңсыз көрсетті

Қырғызстандық TV1KG телеарнасы қазақстандық “Келинка Сабина” кинокомедиясын өз эфирлерінен заңсыз көрсеткен. Бұл оқиғадан соң фильмнің режиссері Нұртас Адамбай телеарнамен соттасуға бел буған.

21

Фото: sxodim.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бірақ, артынша режиссер өз райынан қайтыпты. Қазақстандық киноның қырғыз арнасынан көрсетіліп жатқанын Бішкек тұрғындарының бірі хабарлаған. Телеарна құқық иеленушінің рұқсатынсыз аталмыш киноны эфирлік кестеге енгізіп жіберген.

“Қазір түсініспеушілік жойылды. Тараптар мәселені сотқа жеткізбей шешті”, – деді Адамбайдың админстраторы Еркін Жапаров.

“Автор бізді кешіреді деп ойлаймын. Енді құқық иеленушінің рұқсатынсыз еш картинаны көрсетпейміз. Фильм кезінде жарнама енгізбедік. Комедияның екі бөлімі де өте тамаша, күлкілі. Авторға алғыс!” – деп жазды телеарна өкілі Равшан Личано Фейсбук желісінде.

Ол сондай-ақ, егер режиссер Бішкек кинотетарларының бірінде фильмнің екінші бөлімін көрсеткісі келсе, онда өтемақы ретінде трейлерді толықтай эфирге шығаруға келісім беретінін айтты.

Талқылау