Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Келинка Сабина” режиссері Тараз қаласы туралы тағылымды фильм түсіруді жоспарлауда

Режиссер, актер әрі продюсер ретінде де танылған Нұртас Адамбаев өзінің туған қаласы Тараз туралы жаңа фильм түсірмек ниетте екен. Өзінің комедиялық киноларымен жақсы таныс ол, енді салмақты дүние түсіруге уәде беріп отыр. Актер бұл жайлы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жария етті. 815F1A9B-C3D3-4CF5-94E2-1948E7A23360_mw1024_s_n

«Келесі фильмді өзімнің туған қалам Тараз туралы түсіргім келеді. Кино «Тараз» деп аталады. Фильм өмір, достық, әділдік туралы баяндайды. Жалпы алғанда, фильм қиын жағдайға тап болған қарапайым адамдар туралы. Бұл қала мені көп нәрсеге үйретіп, тәрбиенің қайнар бұлағын берді. Осы фильм арқылы туған қалама үлкен рахмет айтқым келеді», – деп жазды ол.

Фильмнің түсіру жұмыстары осы көктемде басталады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Нұртас Адамбаев қоғамда шу тудырған «Келинка Сабина» фильмінің режиссері әрі басты рөлін сомдаушы ретінде жақсы таныс. Комедия Индонезияда өткен мыңнан аса фильм бақ сынаған International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films кинофестивалінде гран-при жеңіп алды. «Келинка Сабинаны» әділқазылар әйел құқығын дәл бейнелеген деп бағалаған. Картинаның жалғасын қазақстандықтар 2016 жылдың көктем айларында көріп қалуы мүмкін.

Талқылау