Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Келінім, сен тыңда»: Жетінші арнадағы жаңа ситком

Қазақтың «Қызым, саған айтам – келінім, сен тыңда» деген мәтелі аталмыш ситкомның атын да, затын да айқындап тұрғандай. Бүгінде «ене мен келін» тақырыбы өнерде, ойын-сауық жанрларында кеңінен қолданылуда. Алайда, Жетінші арнаның төл жобасын ерекше деуге болады.

«Келінім, сен тыңда»: Жетінші арнадағы жаңа ситком

«Келінім, сен тыңда» телехикаясын дайындаған шығармашылық топ басты кейіпкерлердің отбасын заман шындығына сай етіп көрсетуге, қазақ тұрмысындағы «ене-келін» юморын ешбір әсіресіз, бүкпесіз жеткізуге тырысқан. Хикаяда көрсетілетін қалалық отбасы өзінің шынайылығымен көрерменді баурап алады. Кейіпкерлердің образдары алуан түрлі және қайталанбайды, ал қалжыңдары өткір, ұнамды.

Телехикаяны кәсіби команда түсірген, нәтижесінде қазақстандық көрерменге жарқын бояуымен, көңілді музыкасымен, өзіндік атмосферасымен ерекшеленетін жаңа форматтағы ситкомды таныстыратын сапалы өнім жасалды.

Фильм Алматы қаласының көрікті жерінде орналасқан үйлердің бірінде түсірілген.

Режиссер бұл телехикаяға таптаурын юморды қоспай, комедиялық элементтерді сақтай отырып, актерлердің ойыны мен сюжетті әр адамға таныс, шынайы етуге ерекше көңіл бөлген. Фильмнің моралдік-мәдени мақсаты – жастарға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қазақы туыстық қарым-қатынас мәдениетін насихаттау, үлкенді сыйлау, салт-дәстүрді құрметтеу. Отбасының адам өміріндегі маңызын еске салатын «Келінім, сен тыңда» телехикаясын дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 21:30-да тамашалауға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау