Келіндердің жиі жіберетін қателіктері

Сәрсенбі, 16 Наурыз , 2016 13:56

Өз үйінен ұзатылып өзге отбасының босағасын аттаған келіндер ол үйге тез арада үйренісе алмай жатады. Осы ретте келіндердің енесімен арадағы қатынасы маңызды болмақ.

щщ

Бұл туралы comode.kz хабарлайды.

Енелерімен шығыса алмаған келіндердің күйеуімен ажырасып, ол үйден кетуіне тура келетін жағдайлар да кездесіп жатады. Кейбір енелер өзінің жасының үлкендігін алға тартып, дегенін істеткісі келіп тұрады. Сондықтан енемен жақсы қатынасты ұстану келіндерге жүктелетін міндет. Осы орайда келіндерге құлыққағыс етіп, бірнеше кеңестер айтқымыз келеді.

  1. Жағымпазданбаңыз

Жас келіндер әдетте енені сыйлау мен оған жағымпазданудың ара жігін ажырата алмай жатады. Әуел бастан ененің айтқанына көніп, оған келіспесе де, айтқанын істеп жатады. Кейін оның бәрі жинала келе, ашулықпен сыртқа шығып, ұрыс-керіс орын алуы  мүмкін. Сондықтан келін өз ойын ашық білдіріп, жағымпазданбай сыйлап үйренгені дұрыс.

  1. Өз ойыңызды ашық айтып үйреніңіз

Келіндердің көбі енесіне ойын ашық айтудан қорқады. Оның ойын енесі құптай қоймайтындай көрінеді. Сондықтан енесін қатігез деп санай бастайды. Мәселен, бір жерге барғысы келсе, енесіне айтып не ескертуге батылы жете бермейді. Ол ойын ашық жеткізе білсе, енесі де оны қабыл алатынына сенбейді.

  1. Қорықпаңыз

Қазақ келіндері әдетте жуас келеді. Үлкенді сыйлау – жақсы қасиет. Алайда, адамды қорыққандықтан сыйламау керек. Қорқыныш сезімінен арылып, енесін анасы ретінде сыйлау керек.

  1. Өзіңізді өзіңіз сыйлаңыз

«Жуас түйе жүндеуге жақсы демекші» келіндер өзін сыйламай тұрған соң, енелердің де оны елемей жататын, тіпті қол көтеретін де кездері болады. Келіндер мұндайға көніп жүре бермеуі керек. Енені сыйлау үшін – өзіңізді сыйламай, бәріне шыдап жүре беру міндетті емес.

  1. Түпкі мақсатыңызды ұмытпаңыз

Әр келіннің негізгі мақсаты – отбасын сақтап қалу. Енеңіз тұрмыстық жұмыстарға қатысты ескертулер жасап жатса, оның айтқаны бойынша жасай салыңыз. Ол ешқандай қиындық тудырмайды ғой. Ал егер күйеуіңіз екеуіңіздің араңызға түсіп жатса, бұл басқа мәселе.

  1. Күйеуіңізді ұмытпаңыз

Көп отбасында билік енелердің қолына өтіп кеткен. Барлық мәселені енелер шешетін болған соң, күйеулері тасада қалып жатады. Қасиетті Құран кітабында әйелдің еріне мойынсынуы тиіс екені жазылған. Олай болса, енеңіздің айтқанын ғана істеймін деп, жұбайыңыздың жағдайын ойлауды ұмытып кетпеңіз.

  1. Енені адам, ана ретінде сыйлап үйреніңіз

Енемен бірге тұратын келіндер олармен жақсы қатынаста болып, отбасын берекелі етуді көздегені абзал. Енелердің сізбен өмір бойы өмір сүрмейтінін ақиқат. Сондықтан үлкен кісірлердің қалған ғұмырының бақытты, берекелі өтуіне себепші болыңыз. Тек, жоғарыда айтылған кеңестерді естен шығармаңыз. Ойыңызды айтып, өзгені жағымпазданғандықтан, қорыққандықтан емес, шын ниетіңізбен сыйлап үйреніңіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар