Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Келін» фильмі актрисасының өліміне қатысты жігітінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Келін» фильмінің актрисасы Пратюши  Банерджидің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты оның жігіті  телепродюсер Рахул Сингханың үстінен қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды India Today.

келін

Істі Мумбай полициясы тергеп-тексеріп жатыр. Синхаға актрисаны өзіне қол жұмсауға арандатты деген айып тағылған. Полиция  продюсерге «психологиялық қысым көрсетті, актрисаны қинау мақсатында қорқытып, жанын ауыртқан» деген айып тағуда. Тәртіп сақшыларында мұндай айыпты растайтын оннан астам адам бар. Олардың бірі актрисаның анасы. Сондай-ақ, олармен араласқан он досы жігіттің қалыңдығына көрсеткен азаптары жайлы полицияға баяндап берген көрінеді.

Енді продюсер ауруханадан шығысымен қамауға алынуы мүмкін. Ол 14 сағаттық тергеуден кейін ауруханаға түсіп қалған. Продюсер дәрігерлерге кеудесінің шаншып ауыратыны жайлы айтқан. Сингханың қорғаушылары жігіттің полиция сұрақтарына жауап беруге шамасы жоғын жеткізген.

келін2

Актриса жер қойнына қалыңдық көйлегімен тапсырылды. Ол өзіне қол жұмсаудан біраз уақыт бұрын Үндістандағы белгілі дизайнер Рохит Вермаға той көйлегіне тапсырыс берген екен.

келін1

Актрисаның құрбысы тергеу кезінде “Пратюши маған хабарласып өзіне көмек керегін айтты. Тіпті Сингханың сүтінен полицияға шағым түсіргісі келетінін де жасырмаған еді. Себебі  Пратюши соңғы кездері өзін Сингха алдап жұргеніне сенімді болды” деген.

Есте болса актрисаның қайтыс болғаны жайлы ақпарат 1 сәуір кешке жақын тараған еді. Белгілі болғандай 24 жастағы актриса  өз үйінде асылып қалған. Оның өзіне қол жұмсағанын жігіті Рахул Сингха бірінші болып көрген. Оның мұндай қадамға баруына себеп ретінде бірінші болып, болашақ күйеуімен арадағы түсінбестік айтылған. Осыдан кейін барып актрисаның өмірден тойынуына қарызға батуы себеп болды дегендер де болған, алайда полиция мұндай болжамды жоққа шығарған.

Талқылау