Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Келесі президент кім болады деген сұрақ Қазақстан халқын мазалап жатыр

Келесі президент кім болады деген сұрақ көпшіліктің көкейінде. Әлеуметтік желі мен саяси ортада Касым-Жомарт Тоқаевтың өзі қалады, Дариға Назарбаев болады деп жатты. Иманғали Тасмағамбетовтың атын атағандар да бар.

Келесі президент кім болады деген сұрақ Қазақстан халқын мазалап жатыр

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

"Нұрекең өзінің ұлтшылдарын ұсына алады. Ол қаншалықты сүйкімді болады-болмайды оны бір Алла біледі. Орыс, қазақ еместер ұлтшылдарға дауыс бермейді. Қазақтар қолдауы мүмкін. Қазір енді либеризация болады. Ол еркінсіну", - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали. 

Қазіргі заңға сәйкес, президенттікке үміткерлерді республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады. Партиялар, кәсіптік одақтар мен ерікті бірлестіктер бір үміткер ұсынуға құқылы. 

Заңгер Абзал Құспан сайлау заң талаптарына сәйкес екі түрлі жағдайда өтуі мүмкін дейді. Біріншісі, кезекті сайлау. Екіншісі кезектен тыс. 

"Егер кезекті сайлау болса, осы жылдың желтоқсан айына дейін күту керк болады. Егер кезектен тыс болса, заңды түрде президенттің міндетін атқарып отырған Қасым-Жомарт Тоқаев мырза кез келген бір мерзімді айта алады. Айтқан уақытынан бастап екі айдан кейін сайлау өтеді", - деді ол.

Ал, "Нұр Отан" партиясына оппозиция ретінде парламентке енген Ақжол партиясының төрағасы Азат Перуашев елбасы мен президеттік амандығын тілейді. 

"Елбасы мен бүгін сайланған президентімі аман болсын, қалғанын кейін көрерміз", - деді Перуашев. 

Ал, бір кездері президенттікке үміткер болған Жамбыл Ахметбек сайлауға дайын екенін айтты.

"Президенттік сайлау болса да, парламенттік сайлау болса да, біздің партия әрқашан дайын. Біздің тарихи жолымыздың өзі әжептеуір, тәжірибеміз де бар. Егер де президенттік сайлау болып жатса, біздің өзіміздің кандидатураламыз бар. Кім екенін қазір айта алмаймын. Оның бәрін делегаттар шешеді және съезде айқындайды", - дейді Жамбыл Ахметбеков. 

Осы уақытқа дейін президенттік сайлауы 5 рет өтті. Оның басым бөлігі кезектен тыс. Сайлаулардың бәрінде 90 пайыздан аса дауыс жинаған Назарбаевқа ешкім тең келмейтін. Ал, осы сайлау парағында Назарбаевтың есімі жазылмайды. Сондықтан келесі президент кім деген сұрақ елді алаңдатып отыр. 


Ерлер де жылайды: Назарбаев президенттіктен кеткенде қай министрлер егіліп жылады

 

 

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр