Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келер жылы Қазақстанда бағасы тиімді баспаналар көбейеді

“Тұрғын үй Құрылыс Жинақ банкінің”  мәліметінше,  еліміз бойынша тұрғын үй салуға  биыл 40 миллиард теңге рекордты қаржы бөлінген.

11111

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Солнцевтар отбасы әр келген қонаққа риза. Күлімдеп қарсы алып, төрден орын беретін әулеттің қонақжайлылықтарын байқамау мүмкін емес. Бірнеше жылдар бойы пәтер жалдап келген жанұя жақында ғана “ТұрғынҮйҚұрылысЖинақбанкі” арқылы баспана алып, армандарына қол жеткізген. Екі баласы бар отбасының жинаған қаржылары пәтер алуға жетпеген соң, банктен депозит ашады.

«Депозитте жиналған ақшамыз аз болды. Пәтер аламыз деп үміттенбеген едік. Күтпеген жерден телефонға хабарлама келді. «ТұрғынҮйЖинақҚұрылысбанкіндегі» бағдарламаға қатыса аласыздар деген. Барып, кеңесіп көріп, қатысып көрейік дедік. 150 пәтерге 179 болып тіркелдік. Ақыры жолымыз болып, осы пәтер бұйырды. 2014 жылы қолымыздағы ақша бар, депозиттегі бар барлығын қосып, төлеп бітірдік. Қазір банк алдында қарызымыз жоқ. Өзіміз қожайынбыз» – дейді ВЯЧЕСЛАВ СОЛНЦЕВ, Алматы қаласының тұрғыны.

“Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкінің” Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік  бағдарламасы аясында “Тұрғындардың барлық категориясына арналған баспана” мен “”Жас отбасыларға арналған баспана” бағыттарын жүзеге асырып келеді. Биылғы жылдың өзінде халыққа қолжетімді баспана ұсыну бағдарламасында  40 миллиард теңге рекордты қаржы бөлінген. Оның 20 миллиард теңгесі бюджеттен берілген болса, қалған елу пайызы Ұлттық қордан.  Аймақтарды дамыту бағдарламасының негізінде 2020 жылға дейін жалпы аумағы үш миллион шаршы метрге жуық пәтерлер қолданысқа берілмек.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы екі бағыт бойынша 2012  жылдан бері 17 636 қазақстандық отбасы баспаналы болған. Қолданысқа берілген пәтерлердің жалпы аумағы – 1 миллион шаршы метрді құрайды. Ал биылғы жылы аталған бағыттар негізінде жергілікті  атқарушы органдармен аумағы 650 мың шаршы метр болатын 10 500 пәтер салу бойынша келісімге қол қойылған. Олардың ішінде 2015 жылы   415 мың шаршы метрі қолданысқа беріліп үлгерілді. Қалған бөлігі келесі жылдың басында салынып бітпек.

Бұдан бөлек қарапайым халыққа негізделген жаңа, қолайлы баспаналардың бағасы да қолжетімді. Қазірдің өзінде келісім бойынша белгіленген  пәтер құны теңгемен бекітілген. Баға да өңірлерге байланысты. Бір шаршы метріне 90 000 – 142 500 теңге аралығында.

“ТұрғынҮйЖинақҚұрылыс банкінің” “Қолжетімді баспана – 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқасында баспаналы болғыны келген 400 ге жуық отбасы дәл осы үйлерден пәтер алып, армандарына жеткен. 2013 жылы алғаш қолданысқа беріле бастаған үйлерде бүгінде 100 пайыз тұрғындар тұрып жатыр.

Банктің өзге де миллиондаған салымшылары келер жылдан баспаналы болуға үмітті.

Талқылау