Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кел келінім” бағдарламасында танысқан бір жұп шаңырақ көтерді (видео)

Отандық “Кел, келінім” бағдарламасында бір жұп шаңырақ көтермек ниетте. Қызға сырға салып, құдалық жорамалдары тікелей эфирде өтіп жатыр.

Бағдарламаға өзі сүйген жанның жүрегін жауламақ болып келген Перизат ару Ерсін есімді азаматтың етегінен ұстады. Ерсіннің анасының көңілін тауып, жігіттің жүрегін жаулап алды. Өзге қыздармен бақталаса отыра өз мақсатына жетті.

Бүгінде қыз бен жігіт отау құруға бел байлап, құдалықтың жорамалы жасалып жатыр. Сырға салу, құда түсу, қыз ұзату жорамалдары ел алдында тікелей эфирде көрсетілді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Қош келдіңіздер, құдалар!💐🎊🎉

Публикация от Kel Kelinim (@kelkelinim)

Ерсін өзінен бірнеше жас кіші Перизатқа сезімі шынайы екенін айтып, оны өмірлік жар етуге дайын екенін айтты. Бұған дейінгі бағдарламада Перизатқа сөз салып, сақинасын салған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Дәл сол ұсыныс жасаған видео 🙈😍

Публикация от Kel Kelinim (@kelkelinim)

Ерсіннің анасы Ғалия ханым мен әкесі Советхан мырза да келінін жақсы көретінін айтты. Туған-туысы да бірауыздан Перизатты жақсы келін болуға лайық қыз деп қабылдады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Келесі қонағымыз айдай сұлу Ақбота-Нұр!😍💐

Публикация от Kel Kelinim (@kelkelinim)

Құдалықта Нұрмұқасан тобының әншісі Нұрлан Қонысбаев пен Ақбота-Нұр қонақтардың көңілін көтеріп, өнер көрсетті. Қуаныш иелері алдағы күндері той қамын жасауға кіріспек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау