Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кедейліктен: Ата-анасы 11 жасар қызын екі әйелі бар 41 жастағы еркекке тұрмысқа берді

Малайзияда 11 жастағы қыз бен 41 жастағы ер адам некелесті. Алайда, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың әкесіндей адамның қолын сүйіп тұрған суреті желіде пайда болғалы қоғам арасында үлкен дау туды.

Кедейліктен: Ата-анасы 11 жасар қызын екі әйелі бар 41 жастағы еркекке ұзатты

Бұл туралы Mirror хабарлады, депп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

11 жасар қызбен некелескен Абдул Кәрімнің екі әйелі 6 және 18 жас аралығындағы алты баласы бар. Қыздың ата-анасы кедейліктің тауқыметін тартқаннан қыздарын ерте тұрмысқа берген. Олар тек күйеу баласынан қыздары 16 жасқа толғанға дейін өздерімен бірге тұруын сұрады.

Дегенмен, жас қыздың 41 жастағы оның үстіне екі әйелі бар еркекке тұрмысқа шығуы қоғам арасында үлкен дау тудырды. Көпшілік баласымен жасты қызды әйелдікке алған Абдулды сынға алды. Ал, ол болса бұл некеге қыздың ата-анасы бата берді, деп ақталды.

«Мен оны үшінші әйелім ретінде жар етіп алғаннан кейін, маған көптеген сын-пікірлер айтылды. Оны естіп көңілім түсіп қалды. Менде әйелім 16 жасқа толмайынша бірге тұрайын деп тұрған жоқпын. Қазір біз тек неке туралы куәлік қана алдық»,- дейді Абдул Кәрім.

Бірақ, Малайзиядағы ЮНИСЕФ өкілі Марианна Кларк-Хаттинг бұл бала құқықтарының бұзылуы болып табылатынын айтты. Елдің заңнамасына сәйкес некеге тұрудың ең төменгі жасы – 18 жас. Алайда, қыздарБас министрдің рұқсатын алып, 16 жасында да тұрмысқа шығып жатады.

Нәтижесінде биліктегілер кәмелетке толмаған баланы әйелдікке алған азаматтың некесін тіркемеді. Қазір бұл мәселе бойынша тергеу жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау