Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кедейлерге ақша таратқан байдың басы дауға қалды

Гонконгтік кәсіпкер Вонг Чинг Кит қаланың ең кедей ауданында ақша таратқаны үшін басы дауға қалды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кедейлерге ақша тартқан байдың басы дауға қалды

Видеода жас жігіт қымбат көліктен түсіп, көшеде кетіп бара жатқандардан ақшаның төбеден түсетініне сенетіндері туралы сұрайды. Бұдан кейін шын мәнінде аспаннан ақша жаңбырдай жауған.

Полиция қызметкерлері кәсіпкерді қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыптап отыр. Бұл әрекеті үшін ол бір жылға сотталуы мүмкін, сонымен қатар қомақты көлемде айыппұл төлейді. Куәгерлердің айтуынша, сол күні 100 миллион гонконгтік доллар (12,79 миллион доллар) жауған. Сондықтан қомақты айыппұл көлемі кәсіпкерді қорқыта қоймас.

Алайда полиция қызметкерлері аз көлемдегі ақшаны айтуда – 6000 гонконгтік доллар (767 доллар).  Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері осындай көлемдегі ақшаны дәлел ретінде жинап алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау