Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кедей жігітінен құтылғысы келген әйел өзінің өлімін қолдан жасаған

Қытайда 37 жастағы әйел жігітімен айырылысудың ерекше әдісін ойлап тапқан. Ол өз әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды.

Кедей жігітінен құтылғысы келген әйел өзінің өлімін қолдан жасаған

37 жастағы әйел жігітімен бірге оның туған қаласына барып, оның кедей отбасынан шыққанын түсінген. Осыдан кейін ол сүйіктісімен айырылысуды жөн көріпті, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда ол жігітімен оңай айырылысу мүмкін болмайтынын ойлап қорыққан. Сондықтан жігітінен құтылудың ерекше әдісін ойлап тауыпты. Ол өзінің ұрланып, көз жұмғанын қолдан жасаған. Осылайша, әйел жігітімен бірге тұрып жатқан жатақханадан  жоғалып кеткен. Артынша жігітіне хабарласып, өзін бұрынғы күйеуі ұрлап кеткенін айтыпты.

«Келіп, мені құтқаршы! Мені бұрынғы күйеуім ұрлап кетті, тезірек келші. Біз жолға шығып кеткен сияқтымыз», - деген Ю.

Кедей жігітінен құтылғысы келген әйел өзінің өлімін қолдан жасаған

Артынша жігітіне тағы бір хабарлама келіпті. Оны Юдің бұрынғы күйеуі жазған екен-мыс. 

«Егер полицияға барсаң, ол өледі», - делінген хабарламада.

Мұнан кейін келген хабарламада Юдің өліп қалғаны және оның денесі көлге лақтырылғаны туралы жазылған. 

Қатты қорыққан ер адам бәрін полицияға айтып беріпті. 

Нәтижесінде тәртіп сақшылары бақылау камераларының көмегімен әйелді мейманханада жатқан жерінен тауып алған. Ол аман-сау болып шықты. Артынша Ю қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау