Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚБФ негізсіз сөйледі деген айыппен Қызайбайдың бапкеріне жаза қолданбақ

 

 Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың жеке бапкеріне қазақстан бокс федерациясы дисциплинарлық шара қолдануы мүмкін.

қызайбайййй

Бұл туралы, BNews.kz жазды.

Бұған дейін әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың бапкерінің сұхбаты көптеген басылым беттерінде жарық көрген еді. Бапкер  Жұмабек  Өмірзақов ол жерде бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты кезінде болған былықтарды аша айтқан. Оның ішінде қазақстандық боксшыны қарапайым тілмен айтқанда «құлағынан сүйреді»деген болатын бапкері.

«Жеке бапкердің  федерация бапкерлерінің құрамында болғандықтан өз еркімен негізсіз болжамдарын жұртқа жария етуге құқығы жоқ. Бізде осыған байланысты бюро болады. Сол кезде  Қызайбайдың жеке бапкеріне қатысты қолданылатын  дисцеплинарлық шара түрі анықталады»,-деген ҚР мемлекеттік бапкері Болат Әбдірахманов.

«Менің ойымша ол дұрыс істемеді. Адам кез-келген затты негізсіз айта салмауы керек. Ол айтсын егерде өз көзімен қандай да бір заңсыздықты көрген болса. Біз шаршы алаңдағы әдемі ойынның куәсі болдық. Онда біздің қыздар жеңіске жетті. Сондықтан да олар бірінші орын алды. Мен басқасын білмедім, мүмкін сол күні бапкердің көңіл-күйі болмаған шығар»,-деп түйді өз сөзін  ҚР мемлекеттік бапкері  Әбдірахманов.

 

 

Талқылау