Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ қалашығында “Мәңгілік ел” қақпасы ашылды (фото)

Кеше әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттер мен түлектердің “Мәңгілік ел” салтанатты қақпасының ашылу рәсімі өтті.

IMG_0059

Фото: Досжан Балабекұлы

Бұл туралы “Айқын” басылымы хабарлайды.

Салтанатты жиынға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ЖОО түлектер ассоциациясының президиум мүшелері, студенттер мен оқытушылар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар шарада ҚазҰУ студенттері мен Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де болды.

IMG_0024

Салтанатты қақпа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Мәңгілік ел” идеясын бейнелеп тұратын ҚазҰУ қалашығы жаңа архитектуралық кешенінің негізі бөлігі.

IMG_0062

ҚазҰУ қалашығы аумағындағы архитектуралық жобаны құру идеясы ҚазҰУ-дың үздік түлектеріне тиесілі.

IMG_0095

Ал жобаның құрылысы сол азаматтардың ерікті салымдары негізінде жүзеге асты.

Талқылау