Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазҰТУ мен ҚБТУ бірігеді

Елбасы Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады

 

Kbtu1

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Өкімімен Жексенбек Мәкеұлы Әділов Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры қызметінен босатылды, бұл қызметке Мемлекет басшысының Өкімімен Искандер Қалыбекұлы Бейсембетов тағайындалды.

Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті.

Талқылау