Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов өмірден өтті

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің бұрынғы ректоры Айқан Ақанов өмірден өтті.

Безымянный

Сурет 365info.kz

Бұл туралы университеттің Инстаграмдағы аккаунтында жарияланды.

“Денсаулық сақтау саласындағы білікті маман 65 жасында өмірмен қош айтысты. Біздің оқу орнында ректор болған жылдарында университет білім беру үдерісінің биік сатысына көтерілді”, – деп жазылған университет хабарламасында.

Айқан Ақанов 1951 жылы 28 мамырда Семей облысында дүниеге келген. Отбасы, бір қыз, бір ұлы бар. Медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры атты атақтары бар. Әр жылдары денсаулық сақтау саласында қызмет атқарды. Оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, үкімет аппаратының әлеуметтік-мәдени бөлімінің меңгерушісі, салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының басшысы секілді лауазымды қызметтер бар.

Талқылау