Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазпошта» қызметкерлері пошта тауарларына арналған вагондармен жеке заттарын тасмалдап келген

«Қазпошта» қызметкерлердің  жұмыс көлігімен өз тауарын тасмалдап кетпеуіне шектеу қою үшін видео камералар орналастырылған.

почта

Бұл туралы бүгін «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті. Оның сөзінше кеңсенің жұмысшылары вагондарды негізінен өз заттарын тасмалдауға пайдаланған.

«Біздің вагондар арқылы барлық нәрсе,  почтадан басқа, нені тасуға болады соның барлығы тасмалданған»,- дейді Бағдат Мусин.

Оның берген мәліметтері бойынша қазір «Қазпошта» АҚ 35 почта вагондары жұмыс істеп тұр.

«Қазпошта» көліктеріне электронды бақылау жүйесін енгізу арқылы жанармайды 20 пайызға үнемдеді.

«Біз барлық көліктерімізге JPS жүйесін енгіздік және шынайы уақыт режімінде біздің кез келген көлігіміздің қозғалысын бақылай аламыз. Бұл олардың бағдардан таймауы, жолда үйіне кіріп кетпеуі және басқа жаққа бұрылмауы үшін жасалуда. Аталған жүйе жұмыс сапасын айтарлықтай көтерді», – деді «Қазпошта» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Азат Машабаев.

Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусин бақылау жүйесін енгізудің нәтижесінде компания жанармайды айтарлықтай үнемдей алғанын баса айтты.

«Бұл жоба жанармайды 20 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр», – деді ол.

 

 

Талқылау