Қазпошта Геннадий Головкинге арналған марка шығарды (фото)

Дүйсенбі, 11 Шілде , 2016 16:39

“Қазпошта” АҚ қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған бес маркадан тұратын пошталық топтаманың айналымға енгізілгені туралы хабарлады.

20160711154549

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Әлемдегі ең атақты боксшылардың бірі біздің пошталық маркаларымызға шығарылды. Геннадий қазақстандық боксты насихаттау үшін және еліміздің күллі әлемге танымал ету үшін өте көп дүниелер жасады. Маркаларды қазіргі кезден бастап компанияның филателия салондары мен бөлімшелерінен және онлайн postmarket.kz дүкенінен сатып алуға болады” – деп хабарлады “Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

20160711154558

“Спорт” сериясының “Қазақстан чемпиондары. Геннадий Головкин» тақырыбындағы бес маркадан тұратын пошталық топтама 4 бояудан тұратын офсеттік баспамен орындалған. Суретшісі К.Плужникова, топтамада бояуларды қорғайтын УФ – бекіту элементтері пайдаланылған. Топтаманың өлшемі – 130х111 мм. Топтамадағы маркалардың өлшемдері – 52 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 34 мм, 26 х 34 мм.

20160711154612

Топтамадағы пошталық маркалардың номиналдары – “А” литерлері (121) теңге – салмағы 20 грамға дейінгі заңды тұлғаларға арналған жер үсті көлігімен тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес, “В” литерлері (200) теңге – 20 грамға дейінгі жер үсті көлігімен ТМД елдеріне тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес, ал “С” литерлері (218) теңге – салмағы 20 грамға дейінгі жер үсті көлігімен Қазақстан Республика аумағы бойынша тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді.

20160711154605

Пошталық маркалар “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорында басып шығарылған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар