Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» басшысы Қуандық Құлмұрзин не себепті айыпталып жатыр

Ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро бұл жолы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Құлмұрзинді тергеуге алды.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ басқармасының төрағасы демалыс күндері ұсталды. Қазіргі уақытта кепілдікте босатылғаны туралы хабарланды. Кепіл сомасы мен істің қай баппен қаралып жатқаны белгісіз, деп хабарлайды 31 арна.

Қуандық Құлмұрзин өткен жылдың қазан айынан бастап «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС басқармасының төрағасы қызметіне келді. Бұдан бұрын ол Мұнай және газ министрлігінде жұмыс істеді. Ол осы салада 35 жылдан астам жұмыс істейді. Бұрын-соңды шулы істе аты аталған жоқ. Журналистердің назарын аударған жалғыз нәрсе – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің негізін қалаушы Кұлмурзинның жұбайы Назигүл Стамбекованың «Бертым-М» ЖШС-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның тергеуіне осы себеп болуы мүмкін екендігі анық емес. Бұған қатысты мәлімет құпия ұсталып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау