“ҚазМұнайГаз” акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды.
Бұған дейін Айдарбаев Алик Серікұлы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.
Алик Айдарбаев бұған дейін әр жылдары«Южказнефтегаз», «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кейінірек «Торғай Петролеум» ЖАҚ), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
«ҚазМұнайГаз» барлау Өндіру»АҚ бас директоры болды. (2013-2017) Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі қызметінде, 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау