Қазком банкроттық туралы сыбысты жоққа шығарды

Жұма, 3 Қараша , 2017 13:56

Қазкоммерцбанк өз клиенттерін тек сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұл туралы Sputnik басылымы хабарлайды.

“Казкоммерцбанк” АҚ мессенджерлерде тараған Қазком мен Bank RBK-ның таяуда банкрот болатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. “Бүгінгі күні Қазкоммерцбанк бұрынғы тәртіп бойынша еш кедергісіз жұмыс істеп жатыр. Банктегі карталық, жеке, депозиттік шоттардан қолма-қол ақша алуда қандай да бір шектеу жоқ”, — деп жазылған банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ресми ақпаратта соңғы күндері Қазкоммерцбанктің банкротқа ұшырайтыны жөнінде Whatsapp арқылы таралған ақпараттың жалған екені айтылған.

“Араңдатушылық мақсатта таратылған бұл жалған ақпарат міндетті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылады. Осы ретте банк өзінің мүддесін қорғау мақсатында бұл ақпараттың көзін табу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінімді жолдады. Айта кетерлік бір жайт, банктерді таңдау кезінде міндетті түрде тек ресми деректерге сену керек”, — деп түйіндеді баспасөз қызметіндегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада балабақша күзетшісі хиджаб киген келіншекті «Алтын күзді» тойлауға кіргізбей қойған

Көзілдірік пен водолазка киген Баян Есентаева той қонақтарын таңғалдырды

Мүгедек балалардың көңілін көтерген Ернар Айдар елдің батасын алды (видео)

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар