Қазгидромет күрт жылынған ауа-райы қайтадан аязды күндерге ауысатынын мәлімдеді
Біраз уақыт күрт жылынып, мезгіліне сай құбылыстан ауытқып кеткен Қазақстандағы ауа-райы, қайтадан қысқы режимге ауысады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Сурет newskaz.ru сайтынан алынды
«Жақын күндерде үш күн қатарынан қар жауып, боран мен секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Ал түнгі температура 23-30 градусқа дейін төмендеп, әсіресе солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда сақырлаған сары аяз түседі деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар араласқан жаңбыр жауып, тауда тұман түсіп, көшелер көктайғаққа айналуы мүмкін.
Жуық арада сынап бағанасы -30 градусты көрсетіп, аязды күндер қайта басталмақ.
Талқылау