Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет филиалы директорының орынбасары 4,4 млн теңгені жымқырған

«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары экологиялық мониторинг жүргізуге бөлінген 4,4 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Атырау облыстық МКД-ның Экономикалық тергеу қызметі.

«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі «Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары  А.-ға  қатысты, 2017 жылға экологиялық мониторинг жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен қозғалған қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсі дәлелденіп, мемлекетке келтірілген 4 463 110 теңге көлеміндегі материалдық залал толықтай өндірілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, ҚР ҚПК-нің 615-бабы 2-бөлігіне сәйкес, яғни күдіктіден кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процесстік келісім жасасу туралы өтінішхат түсуіне байланысты қылмыстық іс прокуратура органдарына жолданды.

Оқи отырыңыз:

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

 

 

 

 

Талқылау