Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазғарыш агенттігі ақырзаманның қашан болатынын айтты

ҚР инвестиция және  даму министрлігі әуеғарыш комитетінің мәліметінше, осы жылдың қаңтар айында В.Г. Весенков атындағы «Ғарыш зерттеу және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ дүниежүзілік Телескоп WET жобасы аясында аспан әлемін зерттеп көрді.

скачанные файлы

Сурет inoplanetyanin.ru сайтынан алынды

Нәтижесінде, жер шарындағы бірнеше зерттеу орындары өзара бірлесіп, жүлдыздарға қатысты фотометрикалық зерттеу жүргізбекші. Бұл зерттеу қазақстандық ғарыш ғылымының өкілдері үшін де қызықты әрі маңызды болмақ.

Күн планетасына қатысты айтар болсақ, отандық астрономдардың айтуынша, Жер шарындағы адамзат әлі де миллиард жыл өмір сүре алады.

Одан соң сутегінің гелийге айналуы салдарынан, ауыр элементтер түзіліп, Күн қызыл түске айналады.

«Күн планетасы Меркурий мен Венераны, тіпті Жер шарын да жұтап жіберуі мүмкін. Сосын дәл сондай уақыт ішінде қайта қалпына келіп, жүз мыңдаған температурада болады. Осылайша қайталана береді», – дейді қазақстандық зерттеушілер.

Әрине, бұл жағдайдың куәгерлерін табу мүмкін болмайды. Бірақ, астрономдар мынадай нұсқаны ұсынып отыр.

«Егер жұлдыздар саны төрт Күн аламағымен сәйкес келсе, онда эволюцияның соңғы кезі – нейтронды жұлдыздар, ал 8-10 салмағына сай келсе, олар жойылып кетудің алдында деген сөз. Алайда, Жер планетасы жұлдыздарға қарағанда аз салмақты болғандықтан онда өмір сүру уақыты айтарлық ұзақ», – дейді қазақстандық ғалымдар.

Талқылау