Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры тағайындалды

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев компания ұжымына экономика және қаржы жөніндегі жаңа бас директор Мейіржан Юсуповты таныстырды.-деп хабарлайды Қазақпарат.

20151125084009

Мейіржан Юсупов Middle East Technical University оқу орнын «экономика және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, Лондон экономика мектебінде («Болашақ» бағдарламасымен) экономикалық дамуды басқару бойынша магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ, Гарвард университеті Дж. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің магистрі дәрежесіне ие.

Мейіржан Юсупов әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеп, «Демир Қазақстан Банк» АҚ корпоративтік қатынастар департаменті директорының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің менеджері, кейін бас менеджері, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік қаржы және қазыналық департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Айдар Арифханов Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған болатын.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

Талқылау